Қарағанды облыстықмәслихаты

Облысының жаңалықтары

28 Наурыз 2020

Қарағанды облысында коронавируспен күрес жөніндегі қоғамдық қор құрылды

Қарағандыда "Көмек-2020" облыстық қоғамдық қоры құрылды. Барлық жиналған ақша коронавирустың таралуына қарсы күреске, сондай-ақ қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдарға әлеуметтік көмекке жұмсалады. Бизнестен алғашқы қаражат келіп түсті.

"YDD Corporation" кәсіпорнының акционерлері 100 миллион теңгеге жуық ақша бөлді. Сондай-ақ, "Ydd Corporation", "QazCarbon", Қарағандылық "Сарыарқа" нан зауытының және Балқаш қаласының "Балқаш" нан зауытының еңбек ұжымдары бір күндік жалақыларын аударды. Жалпы сома 18 миллион теңге құрады.


Естеріңізге сала кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды барлығымызға қиын кезең туған уақытта бірлесуге шақырды. Елбасы республикада және әрбір облыста қаражат жинау үшін қорлар құруды ұсынды.

Қарағанды облысында Қор қаражатының жұмсалуын Қамқоршылық кеңес бақылайды. Оған белгілі қарағандылықтар кірді: медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Қани Мұсұлманбеков, "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Қарағанды облысы әкімінің кеңесшісі, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, облыстық мәслихат депутаты Бекзат Алтынбеков, "Қарағанды медицина университеті" КЕАҚ ректорының кеңесшісі, Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі Вилен Молотов-Лучанский, ҚР Жазушылар Одағының мүшесі, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, ҚР спорт қайраткері Валерий Громов.



Кез келген адам өз үлесін қоса алады.

Деректемелер:

"Көмек-2020" қоғамдық қоры»

БИН 200 340 023 764 Кбе 18

Индекс 100009 Қарағанды қ., С. Сейфуллин к-сі, 1/2 үй

ИИК KZ8896509F0007987318 БИК IRTYKZKA

Қарағанды қаласындағы «ForteBank» АҚ филиалы
БСН 200 340 023 764 КБЭ 18 

Вернуться назад